АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Астанаға Словакия премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
"10-11 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Словакия премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келеді", - деп жазылған хабарламада.
Келіссөздер барысында Қазақстан президенті мен Словакия үкіметінің басшысы қазақ-словак серіктестігін кеңейту перспективасын талқылайды.