Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Анкара Ресей-Украина келіссөзін жалғастыруға күш салады

Sputnik
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Түркия Ресей мен Украина арасындағы келіссөз процесін жалғастыруға күш салады. Бұл туралы РИА Новостиге түрік дипломатиялық дереккөзі хабарлаған.
"Біз тараптар мәселені талқылап, сөйлесуі үшін келіссөзді жалғастыру қажеттігін айттық. Түркия процесті (келіссөз) жалғастыруға күш салады", - деп мәлімдеді агенттік дереккөзі.
Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің екінші кезеңі 2 маусымда Түркияда өтті.
Ыстанбұлдағы кездесу бір сағаттан астам уақытқа созылды. Кездесуде тараптар қақтығысты реттеу туралы меморандумды алмасты.
Ресей мен Украина тұтқын алмасу туралы келісімге келді: науқастар мен ауыр жаралылар, 25 жасқа дейінгі тұтқындар алмастырылады. Екі жақ та кем дегенде 1000 адамды қайтарады.
Қазіргі Киев режиміне бейбітшілік мүлдем керек емес – Путин