Алматы облысында 21 адам мінген автобус лайға батып қалды

Құтқарушылар оларды Сарыжаз ауылына жеткізді
Sputnik
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Алматы облысында құтқарушылар лайға батып қалған автобус жолаушыларын эвакуациялады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Райымбек ауданындағы Сарыжаз ауылынан 45 шақырым жерде лайға батып қалған автобустан ТЖМ қызметкерлері 21 адамды эвакуациялап, Сарыжаз ауылына жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмады.
Төтенше жағдайлар министрлігі таулы және шалғай аймақтарға шыққанда ауа райы мен жол жағдайын ескеру қажеттігін ескертті.
Шомылуға тыйым салынған жерде қауіпсіздік шарасын сақтамағандар жауапқа тартылды