Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Түркия сыртқы істер министрі НАТО бас хатшысымен Украинадағы жағдайды талқылады

Тараптар телефонмен жексенбі күні сөйлескен
Sputnik
АСТАНА, 8 маусым - Sputnik. Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен телефон арқылы Украинадағы жағдайды талқылады, деп хабарлады РИА Новости.
Бұл жөнінде басылымға Түркия сыртқы істер министрлігіндегі дереккөз хабарлаған.
Тараптар телефонмен жексенбі күні сөйлескен.
"Фидан мен Рютте ресейлік-украиналық қақтығысты тоқтатуға бағытталған күш-жігерді талқылады. Сонымен қатар 24-25 маусымда Гаагада өтетін НАТО саммитіне дайындық сөз болды", - деп хабарлады дереккөз.
Еске салайық, дүйсенбі күні Түркияда Ресей мен Украина келіссөздерінің екінші раунды өтті. Ыстанбұлдағы Чириган сарайында өткен кездесу бір сағаттан астам уақытқа созылды. Онда тараптар қақтығысты реттеу туралы меморандумдармен алмасты. Сондай-ақ Мәскеу мен Киев тұтқындарды айырбастауға келісті. Сонымен қатар мәйіттерді жинау үшін майданның белгілі бір аудандарында екі-үш күнге атысты тоқтатуға келісті.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Ресей Украинамен келіссөзді тоқтатпайды деп үміттенеді