АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Ресей тарапы Украинаның мәйіттердің тасымалданатыны туралы ресми растауын күтіп отыр, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.
Ыстанбұлдағы келісімге сәйкес, Мәскеу айырбас аймағына Украина қарулы күштері жауынгерлерінің мәйіттерінің бірінші партиясын жеткізді.
Украина қарулы күштері жауынгерлерінің мәйіттері бар репатриация пойыздары қозғала бастады.
Ресей тарапы Украинамен әскери тұтқындарды алмасу және денелерді беру аясындағы барлық келісімдерді орындауға дайын, делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Киев Ыстанбұл келісімдеріне қарамастан байланысқа шықпағандықтан, Украина қарулы күштерінің қаза тапқан сарбаздарының мәйіттерін беру және тұтқындарды айырбастау шарасы өтпеген болатын.