АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен көлік министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ол 2023 жылдың қыркүйегінен бері көлік министрі лауазымын атқарды.
Мемлекет басшысы елдегі логистиканың ұзақ дамуын сынға алып, 14 мамырда Қарабаевқа сөгіс жариялаған болатын.
Тоқаев шекарада жүктердің өтуіндегі қиындықтар әлі де сақталып отырғанын, ал бақылау-өткізу бекеттері "қанағаттанарлықсыз" жағдайда деген еді.
Айта кету керек, бұған дейін Тоқаев қорғаныс министрін қызметінен босатты. Оның орына Дәурен Қосанов тағайындалды.