Астанада Ресей күніне арналған фестиваль өтті

Мерекеде Астана қаласының ұлттық-мәдени орталықтарының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті
Sputnik
АСТАНА, 8 маусым - Sputnik. Астанада "Жүректе Ресеймен" ХІІІ фестивалі өтті.
Ресей күніне орайластырылған фестиваль Успен соборының рухани-мәдени орталығында өтті.
"Біз Ресей мен Қазақстанды ежелден достық пен тату көршілік байланыстырғанын түсінеміз. Сондықтан біздің халықтар ортақ қиындықтарды, ортақ жеңістерді, ортақ өткенді бастан өткергеннен кейін көптеген қазақстандық үшін жүрегінде Ресейге айрықша орын бар екеніне сенімдімін. Сол секілді көптеген ресейлікте де Қазақстанға деген ыстық ықыласы бар екеніне сенімдімін", - деді Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесші-елшісі Юрий Мельник.
Мерекеде Астана қаласының ұлттық-мәдени орталықтарының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.
Жеңістің 80 жылдығы
Астанада Ресей киносының фестивалі басталды