Жетісу облысында ежелгі қала табылды

Ескі қаланың орны Талхиз немесе Қойлықпен тең
Sputnik
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Жетісу облысында "Петроглиф аңшылары" қоғамдық қорының командасы ортағасырлық қаланы тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жетісу облысында ежелгі қала табылды

"2025 жылдың 6 маусымы. Күн текке кеткен жоқ... Барлығы іздеп жүрген ортағасырлық қаланы тапқан сияқтымыз! Бұл туралы жазба деректерде бар. Археологтарға хабарланды", - деп жазды қор қызметкері Ольга Гумирова желідегі парақшасында.

Алдымен қор қызметкерлері карьердегі кірпіш қалдықтарын, мұнараны, содан кейін ортағасырлық кірпіштен қаланған қабырғаны көрген.
Жетісу облысында ежелгі қала табылды
"Қала моңғол шапқыншылығы кезінде өртелген. Жалпы ескі қаланың орны Талхиз немесе Қойлық қаласымен тең... Бұл қандай құрылыс екені талқыланып жатыр. Оны анықтаймыз", - деп атап өтті Ольга Гумирова.
Өңірлер
Атырау облысында көне қала табылды