АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Сочиге "Еуразия-Кинофест" кинофестиваліне 26 елдің киногерлері келді.
Сочиде "Еуразия-Кинофест" Еуразия елдерінің екінші халықаралық кинофестивалі ашылды
"Біз барлық адам, барлық ел бірін-бірі құрметтейтін және түсінетін біртұтас мәдени білім кеңістігін құрғымыз келеді. Біз сондай-ақ жастарды біріктіріп жатырмыз, сол себепті жастардың Еуразиялық кинематографистер қауымдастығын құрдық", - деді Мемлекеттік думаның депутаты, "Еуразия" автономды коммерциялық емес ұйымының төрағасы Алёна Аршинова.
Сочиде "Еуразия-Кинофест" Еуразия елдерінің екінші халықаралық кинофестивалі ашылды
Евразия Кинофест" кинофестивалінде үш қазақстандық фильм көрсетіледі.
"Біз бұл кинофестиваль аясында ең маңызды нәрсеге қол жеткіздік – өскелең ұрпақ үшін қызықты форматтарды іздеуге кірістік. Қазақстан, Қырғызстан және Ресей фильмдері шынымен де өте қызықты болды", - деді РФ Мемлекеттік думасы төрағасының орынбасары Борис Чернышов.
Ашылу салтанатына "Россия сегодня" медиа тобының бас редакторы Маргарита Симонян қатысты.
"Бұл кинофестивальдің идеясы тамаша. Бүкіл Еуразиялық кеңістікті кино тілімен, шығармашылық, ізгілік, жасампаздық тілімен біріктіріп отыр", - деді ол.