Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Украинаны Ыстанбұлда қол жеткізілген келісімдерді сақтауға шақырды

Ресей тарапы Ыстанбұл келісімдеріне сәйкес Украинаға қаза тапқан әскери қызметшілердің денесін тапсыруға әзір
Sputnik
АСТАНА, 7 маусым - Sputnik. Ресей Федерациясы Киевті Ыстанбұлда қол жеткізілген келісімдерді нақты сақтауға, әскери тұтқындармен алмасуға дереу кірісуге шақырды.
Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі, Украина тарапымен келіссөздерде Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский өзінің Telegram арнасында.
"Ресей тарапы Ыстанбұл келісімдеріне сәйкес 6 маусымда Украинаға қаза тапқан әскери қызметшілердің 6 мыңнан астам денесін беруге, сондай-ақ жараланған және ауыр науқас әскери тұтқындар мен 25 жасқа толмаған тұтқындарды алмастыру бойынша гуманитарлық акцияны жүзеге асыруға кірісті", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ол Киевті кестені және қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды нақты сақтауға, адамдармен алмасуға дереу кірісуге шақырды.
"Біз келіскендей, әр тараптан 1200 сарбаз бен офицер үйге оралуға мүмкіндік алсын", - деп жазды ол.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Ресей Украинамен келіссөзді тоқтатпайды деп үміттенеді