АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Милад Карими жүлдегерлер қатарына кірді, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясы.
Чечхон (Оңтүстік Корея) қаласындағы жарыс аясында еркін жаттығулар бойынша финал өтті.
Еркін жаттығу:
1.
Карлос Эдриэль Юло (2 дүркін Олимпиада чемпионы) - 14.600 ұпай2.
Милад Карими - 14.4003.
Мун Гён Ён - 14.0334.
Дмитрий Патанин - 13.833.Еске сала кетейік, 2024 жылы Өзбекстан астанасында өткен сары құрлық чемпионатында да еркін жаттығуда Карлос Юло топ жарып, Милад күміс медаль олжалаған.