АСТАНА, 7 маусым-Sputnik. Маңғыстау облысындағы газ ұңғымасындағы апат жойылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Мамандар ауаны газ аналитикалық аппаратурамен өлшей отырып, ұңғыма сағасының жай-күйі зерттелді.
Қызметкерлер мен мамандар құбыр кеңістігі арқылы ұңғыманы сөндіру жұмыстарын жүргізді.
"Крест превенторын бөлшектеп, ағып кетуді болдырмау және тығыздауды қамтамасыз ету үшін ұңғыманың кіреберісіне жаңа қорғаныс элементін орнатты. Сондай-ақ ұңғымадан 60 м қашықтықта өрт шыққан жағдайда су жинау үшін траншеяны қазу жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Апаттың себебі анықталып жатыр.