"Бізді кино біріктіреді": "Еуразия" фестивалі жайлы қазақстандық киногердің пікірі

Сочиде "Еуразия-Кинофест" кинофестивалі өтіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 7 маусым - Sputnik. Сочидегі "Еуразия-Кинофест" кинофестиваліне Қазақстаннан барған режиссер Талғат Тайшанов шара жайлы пікірімен бөлісті.
Фестивальге Тайшанов кинооператор ретінде Қорғалжындағы пионер лагері туралы фильмді ұсынды.
"Біз батыс киносы, американдық киноларды жақсы білеміз, ал көрші елдерде не болып жатқанын білмейміз", – деді ол.
Тайшанов кино әлемінде көрші елдерде не болып жатқанын білуге, өзіміздің киноны көрсетуге, жақын шет елдерден келген пікірлес адамдармен танысуға және болашақта бірлескен жобаларды түсіруге болады деп санайды.
"Бізде тілдік орта бірдей, сондықтан мұнда сөйлесу оңайырақ. Менталитет бойынша да біз бір – бірімізді жақсы білеміз", - деді Тайшанов.
Сочиге "Еуразия-Кинофест" кинофестиваліне 26 елдің киногерлері келді