АСТАНА, 6 маусым - Sputnik. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен АҚШ байланысы туралы айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Біз үшін Вашингтонмен байланыстарды жалғастыру маңызды", - деді Песков журналистерге.
Песков Ресей армиясының арнайы әскери операция аясындағы күнделікті әрекеттерін Киевке жауап деп атады.
"Арнайы әскери операция аясында болып жатқанның бәрі, біздің әскерилердің күнделікті істеп жатқанының бәрі - бұл Киев режимінің әрекетіне жауап", - деді Песков журналистерге.