Қазақстан мен Бахрейн арасындағы тікелей рейстер апта сайын орындалады

Әуе қатынасы маусымдық сипатта болады
Sputnik
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Қазақстан мен Бахрейн арасындағы тікелей рейстер апта сайынғы болады, деп хабарлады Көлік министрлігі.
"5 маусымнан бастап Fly Arystan әуе компаниясы Алматы-Манама бағыты бойынша маусымдық рейстерді орындай бастайды. Ұшулар аптасына бір рет орындалады", - делінген хабарламада.
Бахрейнге әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туризм, мәдени және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, деп есептейді ведомстводағылар.
Шымкенттен Еуропа және Азия елдеріне тікелей рейс ашылды