АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы200 млн долларға жуықтады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 3,6%-ға артқан.
"Жалпы 2024 жылы Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы $900 млн-ға жетті", - деп жазылған хабарламада.
Мұндай деректер Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен Беларусь премьер-министрі Александр Турчиннің Душанбедегі кездесуінде айтылды.
Душанбеде Қазақстан мен Беларусьтің премьер-министрлері кездесті
© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана
Тараптар ынтымақтастықты жандандыруға және іскер топтар арасындағы байланыстарды нығайтуға жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Кездесу барысында Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланып, үкіметаралық өзара іс-қимылды күшейту және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыруды үйлестіру қажеттігі аталып өтті.
Сондай-ақ кездесу соңында ТМД шеңберіндегі өзара іс-қимыл келешегі, оның ішінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және екі ел халқының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі бірлескен бастамалар талқыланды.