АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Қазақстан алтын қоры бойынша әлемдегі алғашқы 20 елдің қатарына енді, деп мәлімдеді өнеркәсіп вице-министрі Иран Шархан Астанада өткен Халықаралық тау-кен металлургия конгресінде.
Иран Шархан
© Sputnik / Санат Имангалиев
"Соңғы 10 жылда елімізде алтын кенін өндіру көлемі 2,2 есеге артты. Сәйкесінше тазартылған алтын өндірісі екі есеге өсті. Осылайша Қазақстан алтын қоры бойынша әлемдегі 20 жетекші елдің қатарына кірді", - деді Шархан.
Вице-министрдің айтуынша, бұл 420 миллиард теңге (818 миллион доллар) инвестиция тартуға мүмкіндік берді.
Ол 2026 жылға қарай барлау алаңын 1,9 миллион шаршы шақырымнан 2,2 миллион шаршы шақырымға дейін ұлғайту жоспарланып отырғанын айтты.
Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметі бойынша 2025 жылы алтын қоры бойынша ТОП-3 ел:
АҚШ (8,13 мың тонна),
Германия (3,35 мың тонна),
Италия (2,45 мың тонна).