Дәрі-дәрмек зауыттағы құнынан 172%-ке қымбат сатылып жатыр – тексеріс нәтижесі

Парацетамол Қырғызстанда 90 теңгеге, Қазақстанда 144 теңгеге сатылады
Sputnik
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Депутат Асхат Аймағамбетов дәрі-дәрмектің бағасына қатысты тексерістің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде дәрі-дәрмекке қосылатын үстеме баға зауыттан шығатын құнынан 172 процентке артық қойылады. Ал бір препараттың әртүрлі дәріханалардағы бағасы 3-5 есеге дейін өзгереді.
"Мысалы, зауытта "Парацетамолдың" бағасы 59 теңге екен. Қырғызстанда 90 теңгеге сатылса, бізде 144 теңгеге сатып отырады. Қазақстанда "Терафлюге" бекітілген шекті баға 3 300 теңге болса, зауыттың бағасы – 1 500 теңге. Ресейде 2 200 теңге, Қырғызстанда 2 500 теңге тұрады", - деді Аймағамбетов мәжілістің бүгінгі отырысында.
Жоғары аудиторлық палатаның аудитіне сәйкес, тегін амбулаториялық емдеуге арналған дәрі-дәрмектер де заңсыз есептен шығарылады. Артынан соның бәрін дәріханада сатып жатады.
Қазақстанда үш ауруға қарсы инновациялық дәрі шығара бастады