Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

Сейсенбіге қараған түні Түркия маңындағы Жерорта теңізінде магнитудасы 5,8-ге тең жер сілкінісі болды
Sputnik
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
"Біздің азаматтар жоқ", - деді ол.
Магнитудасы 5,8-тең жер сілкінісі Түркияның әйгілі Мармарис курортының маңында болды. Жер сілкінісінің ошағы 67 шақырым тереңдікте орналасқан.
69 адам зардап шекті, олардың көбісі биіктен секірген, үреймен ғимараттан шығуға асыққан. Жасөспірім қыз көз жұмды.
Жерасты дүмпулері Мугла провинциясында және басқа да бірқатар провинцияда сезілді, ғимараттар қираған жоқ.
Мьянмадағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 1,7 мың адамға жетті