Риддерде қайтарылған активтер есебінен аурухана салынып жатыр

Жалпы Шығыс Қазақстан облысында қайтарылған активтер есебінен 7 әлеуметтік нысан салынады
Sputnik
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Риддер қаласында құрылысы тоқтап қалған ауруханаға қайтарылған активтер есебінен қаржы бөлінді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайты.
Аурухана кешенінің құрылысы 2021 жылдың желтоқсанында басталған. Жобаның жалпы құны – 34,8 млрд теңге, оның 11,8 млрд теңгесі медициналық жабдыққа бөлінген. Қаржыландырудың болмауына байланысты жұмыс тоқтатылған.
"2024 жылы прокуратура органдарының жұмысының арқасында арнаулы мемлекеттік қордан қайтарылған активтер есебінен объектінің құрылысын аяқтауға 28,1 млрд теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінді", - деп жазылған хабарламада.
Кешенге жалпы ауданы 40 106,84 м2 үш ғимарат кіреді:
Стационар (5 блок, 3-5 қабат, жалпы ауданы29 563,36 м2) — дайындық 40%;
Емхана (5 блок, 4 қабат, 400 ересек және 100 балаға, ауданы 9 991,2 м2) - дайындығы 85%;
Ас блогы (1 қабат, ауданы 627,76 м2) — дайындығы 92%.
Бүгінгі таңда емханада қасбет, әрлеу, сантехника жұмыстары аяқталды.
Стационар бойынша Б блогында (3 қабат) 100%, А блогында (5 қабат) 60% жұмыстар орындалды. Сыртқы қабырғаларды қалау, бөлімдер салу, әрлеу және қасбеттік жұмыстар басталды. Нысанда 300 адам жұмыс істейді.
Құрылыс осы жылдың соңына дейін аяқталады.
Айта кетері, Шығыс Қазақстан облысында қайтарылған активтер есебінен 7 әлеуметтік нысан салу жоспарланған.
Қайтарылған активтер 31 миллион теңгеге сатылды