Ерте піскен картоптың бағасы жарияланды

Бүгінде Қытай, Пәкістан мен Өзбекстаннан ерте пісетін көкөністер жеткізу жұмысы ұйымдастырылды
Sputnik
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі ішкі нарықты картоппен толтыру бойынша қолға алынған шараларды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Қытай, Пәкістан мен Өзбекстаннан ерте пісетін көкөністер жеткізу жұмысы ұйымдастырылды.
"Қазіргі уақытта Астанада министрліктің қолдауымен "ҚТЖ Экспресс" жеткізген 50 рефрижератор контейнер картоп түсірілуде. Жалпы ішкі нарықты өніммен толықтыру мақсатында қосымша 45 мың тонна картоп импортталды", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, Түркістан облысында ерте піскен картоп жинау басталды. Фермерлер оны тура жиналған жерден 280-350 теңгедеп сатып жатыр.
"Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі 2025 жылғы 30 маусымға дейін 150 мың тоннаға дейін картопты баж салығынсыз импорттау механизмін енгізді. Бұл шара маусымдық баға шарықтауын төмендетуге бағытталған. 28 қаңтардан бастап картоп экспортына да 6 айға шектеу енгізілген болатын", - дейді мамандар.
Ал статистика бойынша соңғы аптада картоп бағасы 2,8%-ке, көтерілді.
Жалпы, 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 6,8%-ке өсті.
Қазақстанда картоп пен сәбіз қымбаттады