Мамырда жылдық инфляция 11,3% болды

2025 жылғы мамырда тұтыну бағаларының айлық индексі баяулай түсті
Sputnik
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Мамырда жылдық мәнде инфляция деңгейі 11,3% құрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Ол сәуірде 10,7%, наурызда 10% болған еді.
2025 жылғы мамырда тұтыну бағаларының айлық индексі баяулай түсіп, 0,9% құрады (2025 жылғы сәуірде – 1,2%).
Бір айлық мәндегі бағаның өсуі:
ақылы қызметтер – 1,3%,
азық-түлік тауарлары – 0,9%,
азық-түлік емес тауарлар – 0,6%.
Тұтыну бағалары индексінің құрылымындағы өсім:
ақылы қызметтер – 16%,
азық-түлік тауарлары – 9,6%,
азық-түлік емес тауарлар – 9%.
Қазақстанда азық-түлік бағасы өсті