Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей президентінің көмекшісі Путин мен Трамп қашан кездесуі мүмкін екенін айтты

Бұл мәселе бойынша түрлі болжам айтуға болады, дейді Ушаков
Sputnik
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Ресей басшысы Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп қашан кездесуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
Ушаковтың пікірінше, Путин мен Трамптың кездесуі уақыты туралы түрлі болжам жасауға болады, бірақ оның ешқандай мәні жоқ.
"Әрине, болжауға болады. Мысалы, биылғы жылы деп болжауға болады. Бірақ бұл нақты факт емес", - деді Ушаков "Россия 1" телеарнасына берген сұхбатында.
Ресей президенті Владимир Путин Украинаға 15 мамырда Ыстанбұлда алдын ала шартсыз тікелей келіссөздерді қайта бастауды ұсынды. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Украинаға ұсынылып отырған келіссөздердің мақсаты - қақтығыстың түпкі себептерін жою және Ресейдің мүдделерін қамтамасыз ету.
Ресей делегациясы Ыстанбұлға 15 мамырда барғанымен, екі ел өкілдері арасында байланыс болған жоқ. Кездесу келесі күні болып, екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Ресей делегациясына жетекшілік еткен Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский Мәскеу мен Киев болашақта атысты тоқтату туралы өз көзқарастарын ұсынуға келісті деп мәлімдеді. Мединский Ресейдің Украинамен келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін айтты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Келлог Украинадағы қақтығыстың бейбіт түрде аяқталатынына сенім білдірді