АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. АҚШ президентінің Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлог Fox News арнасында Украинадағы қақтығыстың бейбіт түрде аяқталатынына сенім білдірді, деп жазады Риа Новости.
Келлог жүргізушінің сұрағына бұл мәселе оң шешімін табады деп жауап берді.
"Иә, мен солай ойлаймын. Егер мұны біреу жасай алса, бұл – Трамп", - деді Келлог.
Трамптың арнайы өкілі жанжалды шешу үшін "барлығы аянбай жұмыс істеп жатқанын" айтты.
Бұған дейін Келлог Fox News арнасында президент Владимир Путиннің Украинада болып жатқан оқиғаларды Ресейге қарсы прокси соғысы деп сипаттағанын мойындаған еді.
Дүйсенбі, 2 маусымда Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің жаңа раунды өтеді. Онда Мәскеу болашақ бейбіт келісім туралы меморандум ұсынады. Ол жанжалдың түпкі себептерін шешудің барлық аспектілерін қамтиды.
Ресейлікделегацияның құрамы алдыңғы раундтағыдай болады: президенттің көмекшісі Владимир Мединский, сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, Ресей Қарулы күштері Бас штабының Бас барлау басқармасының бастығы Игорь Костюков және қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин.
Мәскеу мен Киев арасындағы үш жылдағы алғашқы кездесу 16 мамырда Ыстанбұлда өтті. Тараптар кең ауқымды — 1000-ға1000— тұтқындарды айырбастауға және болашақ бітімге келу мүмкіндіктері туралы көзқарасты ұсынуға келісті.