Астанада 10 жаңа ойын ауласы пайдалануға берілді

Аулаларда жаңа ойын және спорт алаңдары, демалыс аймақтары орнатылды
Sputnik
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Астананың Байқоңыр ауданында 10 жаңа аула пайдалануға берілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Мереке күні тұрғындар мен балалар үшін мерекелік іс-шаралар да ұйымдастырылды
Жаңа аулалар мына мекенжайлар бойынша ашылды:
Сейфуллин көшесі, 41;
Бейсекбаев көшесі, 14;
Сембинов көшесі, 21;
Ғабдуллин көшесі, 1;
Торайғыров көшесі, 3;
Уәлиханов көшесі, 3;
Рахимов көшесі, 91;
Шонайұлы көшесі, 39 және 41;
Жұбанов көшесі, 3;
Торайғыров көшесі, 1.
Аулаларда жаңа ойын және спорт алаңдары, демалыс аймақтары орнатылды.
Айта кетейік, 2025 жылы Байқоңыр ауданында 88 аула абаттандырылады. Оның ішінде 18 аула кешенді түрде жөнделсе, 70 аулада жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі. 18 ауланың 12-сі "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында абаттандырылып жатыр.
Жалпы, биыл елордада 180-нен астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады.
"Бізге алыстау": әкімнен ойын алаңын сұраған баланың анасы