Тоқаев "АЛЖИР" музейін аралап көрді

АЛЖИР-де алпыстан астам этнос өкілдері қамауда болған
Sputnik
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "АЛЖИР" музейін аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев "АЛЖИР" музейін аралап көрді
Мемлекет басшысы тоталитарлық жүйе құрбандарының өмірінен сыр шертетін бірегей құжаттар, тұтқындардың жеке заттары, архив материалдарымен танысты.
Тоқаев "АЛЖИР" музейін аралап көрді
1938-1953 жылдары мыңдаған әйел адам төзгісіз жағдайда жазаларын өтеген бұл қасіретті орын – бүгінде маңызды жалпыұлттық ескерткіштердің бірі.
1 / 3

Тоқаев "АЛЖИР" музейін аралап көрді

2 / 3

Тоқаев "АЛЖИР" музейін аралап көрді

3 / 3

Тоқаев "АЛЖИР" музейін аралап көрді

Еске сала кетейік, бүгін президент саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөз сөйледі. Ол саяси қуғын-сүргін – тек қазақ халқының басына түскен зобалаң емес екенін атап өтті. Оның айтуынша АЛЖИР-де алпыстан астам этнос өкілдері қамауда болған.
Мыңдаған адам халық жауы атанып, аяусыз азапталды, сотсыз атылды – Тоқаев