Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында екінші алтын жүлдесін жеңіп алды

Қазақстан құрамасының еншісінде қазір алты жүлде бар
Sputnik
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Нора Джеруто екінші алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше 31 мамырда спортшы 5000 метрлік қашықтықтағы финалдық жарыста жеңіске жетті.
"Джеруто 4:58.71 нәтижесімен мәре сызығын кесті. Үндістандық Парул Чаудхари екінші орынды иеленді (15:15.33), ал жапониялық Юма Ямамото үшінші орынға табан тіреді (15:16.86)", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан құрамасының еншісінде қазір алты жүлде бар. Бірінші орынды Нора Джеруто (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру) мен Дейзи Джепкемей (10000 метр) жеңіп алды.
Күміс жүлдені Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) иеленді. Қола жүлде Джепкемейге (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру) және Ясмина Тоқсанбаеваға (20 шақырымдық спорттық жүріс) бұйырды.
Ел тарихындағы алғашқы алтын: қазақстандық желаяқ чемпион атанды