АЛМАТЫ, 30 мамыр - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "Әл-Жазира" телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстан тек бақылаушы екенін, соның өзі әзірге жеткілікті екенін айтты.
Қазақстан БРИКС-ке әріптес ел мәртебесін биыл қаңтарда алды. Бірлестікке 10 мемлекет кіреді, олар - Ресей, Бразилия, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка, БАӘ, Иран, Египет, Эфиопия және Индонезия.
Былтыр жыл соңында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қазақстан әзірге бұл бірлестікке мүшелікке өтініш беруден қалыс қалатынын мәлімдеген болатын. Уәли мұны Қасым-Жомарт Тоқаев "барлық халықаралық өзекті мәселелерді талқылауға болатын, әмбебап әрі баламасыз ұйым ретінде" БҰҰ-ға басымдық береді, деп түсіндірді.
Дегенмен Қазақстан БРИКС эволюциясын қызығушылықпен бақылайды. Сондай-ақ "ұйымның негізін қалаушы мемлекет басшыларының қандай да бір алпауыт державалардың гегемониясынан азат әділ, демократиялық әлем тәртібін құруға күш-жігер жұмсау туралы шақыруларын қолдайды".