Қазақстанға ресми сапармен Италия премьер-министрі Джорджа Мелони келді

Sputnik
АЛМАТЫ, 29 мамыр - Sputnik. Италия премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келді.
Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Италия премьер-министрі Джорджа Мелониді елорда әуежайынан қарсы алды
Астана әуежайында Джордж Мелониді Қазақстан президенті өзі қарсы алды.
"Сізді Қазақстанда қарсы алу – біз үшін үлкен мәртебе. Алдағы келіссөздер екіжақты қарым-қатынастарымызға тың серпін беруде маңызды, тіпті, шешуші рөл атқаратынына сенімдімін. Италия – Қазақстанның Еуропадағы жетекші сауда серіктестерінің бірі. Кешелі-бүгін Астанада Италия бизнесінің көптеген өкілінің қатысуымен бизнес-форум өтті. Екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз", - деді Тоқаев әуежайдағы кездесуде.
Тараптар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің перспективаларын талқылауды жоспарлап отыр, делінген ресми хабарламада.
Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды