Қарағанды облысында құны 4,78 миллиард теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 29 мамыр - Sputnik. Қарағанды облысы Нұра ауданында құны 4,78 миллиард теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Ауданда 2391 гектар ауыл шаруашылығы жері кәдеге жарамай жатқан.
"Аудан әкімінің өкімі мен аудандық жер қатынастары бөлімімен жасалған келісім негізінде жер 20 жыл мерзімге шаруа қожалығына жалға берілген. Алайда 2012 жылдан бері бұл жер өз мақсатына сай пайдаланылмай келген", - делінген хабарламада.
Прокуратура жүргізген талдау барысында пайдаланылмай жатқан жердің кадастрлық құны 4,78 млрд теңге екені анықталды.
Енді жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылып, жер пайдаланушыларға беріледі.
Туыстарына жер берген: Жамбыл облысында әкімдер жауапқа тартылды