Павлодарда притон ұйымдастырған 6 адам сотталды

Сот үкімімен қылмысқа басты кінәлі 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 29 мамыр - Sputnik. Павлодарда притон ұйымдастырғандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.
Сот 6 адамға үкім шығарды.
"Сотталушылар 2017 жылы Павлодар және Екібастұз қалаларында ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Олар рөлдерді бөліп алып, жезөкшелікпен айналысатын притондар ұстаған. Алынған 650 миллион теңгеден астам кірісті айналымға тарту арқылы заңдастырған", - дейді ведомство.
Алайда сотталушылар кінәларын мойындамай, ақтауды сұраған.
"Сот үкімімен қылмысқа басты кінәлі - 10 жылға, белсенді араласқан екінші сотталушы – 7 жылға қалған төртеуі 5 жыл 3 айға бас бостандықтарынан айырылды", - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астаналық әйел притон ұйымдастыру арқылы 2 млрд теңге пайда тапқан