Бурабайда дәмхана жанынан өрт шықты

Өрт аумағы 2500 шаршы метрді құрады
Sputnik
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласындағы дәмхананың біріне бекітілген ғимараттың шатыры өртенді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
"Өрттің іргелес орын-жайға таралу қаупі болғандықтан, құтқарушылар оқиға орнына жоғары шақыру бойынша келді". - деп жазылған хабарламада.
Өрт 2500 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Астанада "Шапағат" сауда үйінде өрт шықты