АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. 2 маусымда Ыстанбұлда келіссөздер өткізу туралы Ресей ұсынысына Украина әлі жауап берген жоқ, деп хабарлады РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Біз 2 маусым, дүйсенбі күні Ыстанбұлда екінші тур үшін қайта кездесуді ұсынғанбыз. Менің білуімше, әлі жауап алған жоқпыз", - деді Песков журналистерге.
Песков бұл ұсынысқа қатысты украин тараптың жауабын күтуге шақырды.
"Украина тарапының жауабын күтіп, сосын әрі қарай бағыт-бағдарды анықтауымыз керек", - деді ол.