Алакөлге қатынауды жеңілдететін тағы бір рейс іске қосылады

Бір бағытқа билет құны - 20 мың теңге
Sputnik
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. SCAT әуе компаниясы 2025 жылдың 1 маусымынан бастап Алакөлге жетуді жеңілдететін рейсті іске қосады.
Анығырақ айтқанда, бұл көлге жақын орналасқан Үшарал қаласына қатынайтын жаңа субсидияланған рейстер.
Рейстер Астана мен Алматыдан аптасына 7 рет орындалатын болады.
Бір бағытқа билет құны - 20 мың теңге.
Ұшулар ішкі туризмді дамытуға және көліктің қолжетімділігін арттыруға бағытталған әуе саяхатын субсидиялау бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдаумен орындалады, дейді әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Алакөлге құлаған дельтаплан Қазақстанда тіркелмеген болып шықты