Air Astana Атырау-Тбилиси бағытында ұша бастады

Рейстер аптаның үш күнінде болғандықтан бұл бағыт туристер мен іскерлік сапарға шығушылар үшін ыңғайлы
Sputnik
АСТАНА, 28 мамыр– Sputnik. Air Astana Атырау-Тбилиси бағытында тікелей рейс ашты.
27 мамырдан бастап Air Astana Батыс Қазақстан мен Грузия арасындағы жаңа әуе қатынасын орнату туралы алдын ала жарияланған жоспарды жүзеге асыра отырып, Атырау-Тбилиси бағытында тікелей рейстерді орындауды бастады.
Air Astana Атырау-Тбилиси бағытында тікеле рейс ашты
Тбилиси әуежайында Қазақстаннан ұшқан алғашқы жолаушыларды дәстүрлі жылы шыраймен – ұлттық ән мен дәмді тағамдармен қарсы алды. Рейстер аптасына үш рет орындалады: сейсенбі, жұма және жексенбі күндері.

"Рейстер аптаның 3 күнінде және ұшу уақыты 1сағат 50 минут қана болғандықтан, бұл бағыт туристер мен іскерлік сапарға шығушылар үшін ыңғайлы. Қазақстан азаматтарына Грузияға виза қажет емес, ал шекараны кесіп өту шектеусіз жүзеге асады. Бұл жаңа бағыт Air Astana-ның батыс Қазақстаннан жүзеге асыратын бесінші халықаралық рейсі болды", -делінген хабарламада.

Әуе компаниясы сондай-ақ Оралдан Франкфуртқа және Атыраудан Стамбул, Дубай, Амстердам және 31 мамырдан бастап Атырау-Баку рейстерін орындайды.
Шымкенттен Еуропа және Азия елдеріне тікелей рейс ашылды