Туыстарына жер берген: Жамбыл облысында әкімдер жауапқа тартылды

Жамбыл аудандық сотында сыбайлас жемқорлыққа қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды
Sputnik
АСТАНА, 27 мамыр - Sputnik. Жамбыл облысы, ауылдық округ әкімдері жақын туыстарына жер пайдалану құқығын берген.
2024 жылдың желтоқсан айында Полатқосшы ауылдық округі әкімінің жұбайының анасына бау-бақша өсіруге 1 жыл мерзімге 0,0692 га жер телімін берілген. Екі айдан кейін жер телімі коммерциялық мақсаттағы санатқа ауыстырылған.
Ал Қаратөбе ауылдық округі әкімі әпкесіне бау-бақша өсіру үшін 0,1 га жер теліміне, сондай-ақ жеке меншікте бұрын жалға алынған 0,0763 га жер теліміне пайдалану құқығын берген. Бұдан бөлек әкім әйелінің әкесіне 0,3500 гектар жер телімін берген.

"Жамбыл аудандық сотында мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбауына қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Лауазымды тұлғалар өз кінәларын толық мойындады", - делінген жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Сот оларды кінәлі деп тауып, әрқайсысына 275 мың теңгеден әкімшілік айыппұл салынды.
Қаулылар заңды күшіне енді.
Батыс Қазақстанда 3200 га жер мемлекетке қайтарылды