АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. 28 мамырдан бастап ЕАЭО-да "Астық қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентті сынау әдістері стандарттарының жаңартылған тізбесі күшіне енеді, деп хабарлады ЕЭК.
Комиссияның мәліметінше, былтыр ЕЭК алқасы қабылдаған жаңа редакцияның тізбесі 163 құжатты қамтыды, оның ішінде 89-ы жаңа немесе жаңартылған.
"96 мемлекетаралық стандарт, оның 28-і ISO (ИСО) халықаралық стандарттары және ЕО және CEN өңірлік стандарттары, 7-уі Беларусь Республикасының мемлекеттік стандарттары, 15-і Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары, 16-сы - Ресей Федерациясының ұлттық стандарттары негізінде әзірленді", - деп нақтылады комиссия.
Құжатты ЕЭК қабылдап, ресми жарияланған уақыттан бастап 80 күннен кейін күшіне енеді.
Бұл ЕАЭО елдеріндегі сынақ зертханаларына жаңа стандарттар мен әдістемелерді ескере отырып, уақытында аккредиттеуден өтуге мүмкіндік берді.