АСТАНА, 26 мамыр– Sputnik. Еңбек қызметіне байланысты жарақат алғандар саны азайды. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2024 жылы жұмыс орындарында 2471 жазатайым оқиға тіркелді. Соның ішінде.
288 адам - топтық жазатайым оқиғалар кезінде;
529 адам – кәсіптік аурулардан;
26 адам - улану кезінде зардап шеккен.
Жарақаттану көрсеткіші 2023-пен салыстырғанда 7,5% -ке төмендеген. Сондай-ақ өндірістегі өлім-жітім саны да азайған - 24,8%.
Жұмыс кезінде жарақат алудың ең төменгі көрсеткіші:
Жетісу облысында - 20 адам;
Шымкент қаласында - 30 адам;
Солтүстік Қазақстан облысында - 38 адам тіркелді.
Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің ең көп үлесі:
өңдеу өнеркәсібінде - 32,4%;
тау-кен өнеркәсібінде - 19,4%;
денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметте - 8,3% байқалған.
Ең көп таралған кәсіптік аурулар:
дорсалгия - 274 адам;
құрамында кремний бар шаң тудырған пневмокониоз - 129 адам.
Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің көпшілігі – бірінші ауысымда жұмыс істеген 30-дан 45 жасқа дейінгі білікті жұмысшылар.