Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізбек

АҚШ президенті бұл туралы Морристаун қаласының әуежайында журналистерге берген сұхбатында айтты
Sputnik
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің Украинадағы соңғы әрекеттерін құптамайтынын мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.
АҚШ президенті Морристаун қаласының әуежайында журналистермен сұхбаттасу кезінде осы мәселе бойынша сұраққа жауап беріп, Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізу мүмкіндігін қарастыратынын айтты. Ол Владимир Путиннің іс-әрекетімен келіспейтінін мәлімдеді.
"Мен Путиннің істеп жатқанына көңілім толмайды... Бұл маған мүлдем ұнамайды, біз келіссөз жүргізіп жатырмыз", - деді Трамп.
АҚШ президенті сондай-ақ Ресей басшысымен "бұрыннан таныс екенін және үнемі тіл табысып келгенін" атап өтті.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей мен Украина тұтқын алмасудың жаңа кезеңін өткізді