Қазақстан мен Ресей биологиялық қауіпсіздік бойынша консультациялар өткізді

Шекарадағы эпидемиологиялық ахуалды бақылау бойынша бірлескен іс-шаралар мәселесі талқыланды
Sputnik
АСТАНА, 26 мамыр– Sputnik. Қазақстан мен Ресей арасында биологиялық қауіпсіздік бойынша кезекті ведомствоаралық екіжақты консультациялар өтті.
"Консультациялар барысында тараптар екі мемлекеттің аумағындағы биоқауіпсіздік саласындағы жалпы жағдай туралы өзекті ақпаратпен алмасты, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды және өзара іс-қимылдың кейбір практикалық шараларын талқылады", - делінген хабарламада.
Ғылыми алмасу, мамандар даярлау және шекара аумақтарындағы эпидемиологиялық ахуалды бақылау бойынша бірлескен іс-шаралар мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігін құруды іске асыру мен биологиялық және токсиндік қару туралы конвенцияны нығайту бойынша пікір алмасты.
Президент биологиялық қауіпсіздік мәселелері туралы заңға қол қойды