Павлодарда әйел сатылған пәтерден көшуден бас тартты: Жоғарғы сот мәмілені бұзды

Әйел мүлікті сатуға келісімшартқа жиенінің өтініші бойынша қол ғойғанын айтты
Sputnik
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Жоғарғы сот мүгедек әйел сатқан үйге қатысты мәмілені бұзды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Іс материалына сәйкес, 2022 жылы Павлодар қаласының тұрғыны мүгедек әйелден екі бөлмелі пәтер сатып алған (2017 жылдан жалпы ауруға байланысты екінші топтағы мүгедектік, мерзімсіз; 2001 жылдан психиатрда есепте тұрған).
Мәміле жасалғаннан кейін бірден сатушы бұл пәтерді алты айға жалға алған. Кейінірек жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін сатып алушы оған пәтерді босату қажеттілігі туралы хабарлаған, бірақ ол үш адамнан тұратын отбасымен сонда тұруды жалғастырған. Оларды шығару үшін сатып алушы пәтердің иесі екенін көрсетіп, сотқа жүгінген.
Жауапкер қойылған талаптармен келіспей, сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қойған.
"Ол ауруына байланысты өз іс-әрекетінің мәнін түсінбей, жиенінің өтініші бойынша шартқа қол қойғанын, іс жүзінде пәтерді сату ниеті болмағанын түсіндірген", - деп жазылған Жоғарғы сот хабарламасында.
Оның айтуынша, шарт үшінші тұлғаның арасындағы қарызды жабу үшін жасалған.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар оның талап қоюын қанағаттандырудан бас тартқан. Оған себеп сот-психиатриялық сараптама оның әрекетке қабілетсіздігін растамаған, ал денсаулығына қатысты берілген мәліметтер қарама-қайшы болған.
"2019 жылдан бастап әйел айтарлықтай жақсарғанын көрсеткен, ол әрекетке қабілетсіз деп танылмады және психикалық аурудың болуы мәмілені жарамсыз деп тану үшін сөзсіз негіз болып табылмайды", - деп жазылған хабарламада.
Сатып алушының талабы қанағаттандырылып, жауапкерлер пәтерден шығарылған. Әйел сот актілеріне кассациялық тәртіпте шағым түсірген.
Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы сатушы сатып алу-сату шартының жалған екендігін талап ететінін, өйткені ол нақты құқықтық салдарлар туғызу ниетінсіз жасалғанын көрсетті.
Шарт бойынша сатушы сатып алушыға мүлікті беруге, ал сатып алушы оны қабылдауға және белгіленген бағаны төлеуге міндетті. Сонымен бірге ақша мәміле жасалғанға дейін аударылған, ал мәміле нотариустың қатысуынсыз орындалған - бұл дәлелдемемен расталмаған.
Сонымен қатар жасалған жалға беру шарты тараптар арасында мәміленің жалғандығын растайтын басқа да құқықтық қатынастардың болуын көрсетеді.
Сатушының денсаулығын, тараптардың өзара қарым-қатынасының сипатын және келісім шарттарын орындау ниетінің жоқтығын ескере отырып, Жоғарғы сот мәміле жарамсыз деген қорытындыға келді.
"Осыған байланысты, сатып алу-сату шарты жарамсыз деп таныла отырып, жауапкерді шығаруға негіз жоқ, өйткені мүлікке меншік және пайдалану құқығы бұрынғы меншік иесіне тиесілі", деп түсіндірді сот.