АЛМАТЫ, 25 мамыр - Sputnik. Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінде 43 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қонақ үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама төтенше жағдайлар департаментіне түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 20 шаршы метр аумақтағы өртті дереу сөндірген.
"35 адам, оның ішінде бір бала эвакуацияланды. Ғимаратты тексеру кезінде бірінші қабатта, әкімшілік бөлмесінде 1982 жылы туған әйелдің денесі табылды, оның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері бар", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Болжам бойынша тілсіз жаудың себебі - қасақана өрт қою.
Полиция күдіктіні ұстады.
"Қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру нәтижесінде 23 жастағы күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды. Ол өз кінәсін толық мойындады", - деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.