АЛМАТЫ, 25 мамыр - Sputnik. Солтүстік Қазақстан және Қорған облыстары кедендік шекара арқылы тауар өткізуді жеделдетуге келісті.
Бұған дейін Қазақстан мен Ресей өңірлерінің басшылары сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы келісімнің жол картасына қол қойғаны хабарланған болатын.
Құжаттарға қазақстандық және ресейлік компаниялар да қол қойды: ресейлік "Кургандормаш" Қазақстанның солтүстігінде жол жасайтын арнайы техника жинауды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Қорған облысының сыртқы сауда айналымының үштен бірі Қазақстанға тиесілі.
СҚО-ның Ресеймен тауар айналымы соңғы бес жылда 1,6 есеге артып, 700 млн долларға жетті.