Ауыл шаруашылығы санағы: 300 қазақстандыққа жұмыс ұсынылады

Ауыл шаруашылығы санағы 1 тамызда басталады
Sputnik
АЛМАТЫ, 25 мамыр - Sputnik. Ауыл шаруашылығы санағы кезінде жұмыссыз азаматтарға уақытша жұмыс ұсынылады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жұмыссыз жүрген 300 қазақстандыққа жұмысқа орналасу туралы ақпарат SMS хабарлама арқылы жіберіледі.
"Ұлттық статистика бюросымен бірлескен жұмыс шеңберінде Қазақстанның 70 қаласының тұрғындары бір мезгілде 1414 қызметінен SMS-хабарлама алады. Ауыл шаруашылығы халық санағын өткізу үшін санақ қызметкері (сұхбаттасушы) ретінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі болады", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Ауыл шаруашылығы санағы биыл 1 тамызда онлайн сауалнамадан басталады, ол 31 тамызға дейін жалғасады. 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін онлайн сауалнамадан өтпеген адамдар үшін жеке сұхбат жүргізіледі. Санақ бүкіл ел бойынша 20 мың ауылшаруашылық кәсіпорнын, 300 мың шаруа және фермер қожалығын, сондай-ақ 1,9 миллионнан астам жеке қосалқы шаруашылығын қамтиды.
Ресей Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелуге салынған тыйымды алып тастады