Алматы облысында оқушы сыныптасын өлтірді

Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Sputnik
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Алматы облысында мектеп оқушысы сыныптасын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Полиция қызметкерлері күдікті деп танылған жәбірленушінің сыныптасын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды", - деп жазылған хабарламада.
Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар полиция білім басқармасына өз құзыреті шеңберінде шаралар қабылдау үшін тиісті ұсыныс енгізді.
Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді.
Каналдан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдікпен оқушы қамауға алынды