ҰБТ-да 140 балл жинаған оқушыға пәтер берілді

Баспананы өзі оқуға түскен қаладан алады
Sputnik
АСТАНА, 23 мамыр - Sputnik. Түркістан облысында ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинаған түлек Жәнібек Әбілханға пәтер берілді.
Жәнібекке пәтер сертификатын ол тестке дайындалған білім орталығы табыстады.
"Баспана ол оқуға түскен қаладан сатып алынады", - деді орталық өкілдері.
Жәнібек көп балалы отбасынан шыққан, шағын Темірлан ауылында тұрады. ҰБТ-да ол негізгі пән ретінде информатиканы таңдап, 2025 жылы ең көп ұпай жинаған алғашқы мектеп оқушысы атанды.
Түркістан облысының түлегі ҰБТ-да ең жоғары 140 ұпайды жинады