Түркістан облысында қоқыс полигонының 70%-і талапқа сай емес

11 полигонның қызметі экологиялық рұқсат алғанша тоқтатылды
Sputnik
АСТАНА, 23 мамыр - Sputnik. Түркістан облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының 70%-і санитариялық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Прокуратура облыстағы тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтау полигондарына талдау жүргізген.

"Облыс аумағындағы 135 полигон инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген, яғни жарық, қоршау, арнайы байланыс құрылғыларымен жабдықталмаған. 81-і санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз, 11-і экологиялық рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеуде", - дейді прокуратура.

Полигон басшылығына 9 млн теңгеден астам айыппұл салынып, 11 полигонның қызметі экологиялық рұқсат алғанша тоқтатылды.
Астанада жыл басынан бері 205 рұқсат етілмеген полигон жойылды