АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. 2026 жылы Қазақстанда аймақтық климат саммиті өтеді, деп хабарлады Ақорда.
Бұл туралы Тоқаев Жасыл климат қорының атқарушы директоры Мафальда Дуартемен кездесуінде мәлімдеді.
"Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – өзекті мәселелердің шешімін бірлесіп іздеу, табиғат өзгерістеріне бейімделу, азық-түлік пен су қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деді президент.
Тоқаев Қазақстан қоршаған ортаны қорғауға, соның ішінде орман қорын сақтау мен көбейтуге, табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалануға ерекше көңіл бөлетінін айтты.
Мемлекет басшысы Жасыл климат қорының атқарушы директоры Мафальда Дуартені қабылдады
© Photo : Акорда
Өз кезегінде қор директоры климат проблемаларын шешуге бағытталған Қазақстанның күш-жігеріне қолдау білдірді.
"Ұлттық бейімделу жоспарының орындалуына жоғары баға берді. Табиғат апаттарының тәуекелдерін басқару және ерте құлақтандыру жүйелерін енгізуді қарастыратын аталған жоба Жасыл климат қорының және БҰҰ Даму бағдарламасының қатысуымен жүзеге асырылып жатыр", - деп жазды Ақорда.