АСТАНА, 23 мамыр - Sputnik. Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Оқиға 22 мамыр сағат 22:25-те Түрксіб ауданында болған.
"Автобус Рысқұлов көшесімен шығыс бағытқа келе жатып, Шемякина көшесінен кері бағытқа бұрылмақ болған. Алайда "Ауди" жеңіл автокөлігімен соқтығысқан" - дейді ведомстводағылар.
Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы зардап шекті. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.