Алматы мен Астанадан Черногорияға тікелей рейстер іске қосылады

Подгорицаға тікелей рейстер 7 және 8 маусымнан басталады
Sputnik
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы Астана мен Алматыдан Черногорияға тікелей рейс ашатынын хабарлады.
Подгорица қаласына рейс 7 маусымнан бастап Алматыдан және 8 маусымнан бастап Астанадан орындалады.
Қазақстан азаматтары Черногорияда 30 күнге дейін визасыз бола алады.
2024 жылы қазақстандықтар Черногорияға 1 мамырдан 31 қазанға дейін бара алды. 2025 жылдың наурызында бұл ел визасыз режимді 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартты.